Главная » Новости » 1-ші халықаралық үрлемелі шарлар фестивалі (видео)

1-ші халықаралық үрлемелі шарлар фестивалі (видео)

казШілде айының 7 мен 11 аралығында Қазақстанда халықаралық үрлемелі шарлар фестивалі өтпек. Ұйымдастырушылардың таңдауымен іс-шара «Бақытты балалық шақ» тақырыбының аясында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша фестивальдің басты мақсаты – отандық аэродизайнерлердің шеберлік деңгейін көтеру және халықтың осынау өнер түріне деген қызығушылығын арттыру.

Аталмыш іс-шарада қазақстандық сәндеушілер үшін әлемдік аэродизайнерлермен бір алаңда жұмыс жасау және олардың шеберлік сабағына қатысып, өз істерінің түрлі сырларымен танысу мүмкіндігі туындап отыр. Ал келушілер шарлардан жасалған қызықты пішіндер мен экспозицияларды тамашалай алады.

Фестиваль қаланың 2 алаңында өтпек:

7-9 шілде АДК ойын-сауық кешенінің 2 қабатындағы фут-корт аймағында (Сәтпаев к-сі 90, Тілендиев көшесімен қиылысқан жерде) (Кіру тегін)

10-11 шілде – Holiday Inn Almaty (қатысу ақылы)

Total Views: 1104 ,

Оставить комментарий