Сәби болғым келеді

Сәкен Майғазиев, «МұзАРТ» тобының әншісі:

Жас кезімде тым намысшыл болатынмын

Әдемі самғағандауысымен, аңқылдаған көңілімен, биязы күлкісімен тыңдармандарының көңілін баурап алатын, әншілердің арасында, тіпті, топ ішінде ән салса да, өзіндік ерекше орны бар Сәкен Майғазиев балалық шағына бір саяхаттап қайтты.

pAqTW7Q5Cko

Барынша жан-тәнімен беріліп, әр сұраққа жайдары жауап беріп отырған Сәкен ағаның дауысынан балалық шағына деген, әлі күнге дейін иістері ұмытылмаған ата-әжесіне деген сағынышын аңғармау мүмкін емес еді. Балалық шағының алаңсыз, қуанышқа толы болып өткенін баяндаған әнші осының барлығы әке-шешесінің, ата-әжесінің арқасында екенін де айрықша атап өтті. Сондай-ақ ол әр қазақ баласының өмірі шаттыққа толы болып, қайғысыз, қамсыз өтсе екен деген тілегін де білдіруді ұмытқан жоқ.

Баршаға ортақ балалық

Кейде өзгелер танымал адамдардың балалық шағы басқаша өтетіндей қабылдайды. Мүлде олай емес. Біздер де сол заманның барлық қара домалақтары сияқты ауылда құмда аунап, суға шомылып, азаннан-кешке дейін дала кезіп, ойын қуып өстік. Кейде бір Қазақстанда тұрып батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік деп бөлініп жатамыз ғой. Бірақ қазір қарап тұрсақ, қай жақта тұрсақ та бала кезде ойнаған ойындарымыз, қызықтарымыз бір болған екен. Сол баяғы барлығы ойнаған ләңгіні біз де ойнадық, ауылды басына көтеріп «ағаш атқа» мініп алып шапқыладық. Менің әкем есепші болып қызмет атқарды. Алайда, ешқашан ақшаға жақын болған емес. Ол кісі үнемі бізге ақша өмірдің мәні емес, ол өмір сүру үшін қажет зат деп үйрететін. Сондықтан да болар, осы күнге дейін ақшаға құнығып көрген емеспін. Бір сөзбен айтқанда, бала күніміз тоқшылықта, уайым-қайғысыз өтті.

Әжемді жек көретін болайын…22211

Менің Майғазы атамның төрт ұлы болған. (Бүгінде олардың төртеуі де өмірден өтті). Сонда бір әулеттің балалары толықтай бір қара шаңырақта тату-тәтті тұратын едік. Жаз уақытында қаладан келген студент немерелер, ауылдағы сабақтан босаған ұл-қызымыз бар, азан-қазан болып бір жасап қалатынбыз. Ең бастысы, барлығымыз атамыз бен әжемізді өте қатты жақсы көріп, сыйлайтын едік. Барлықтарыңыздың естеріңізде болар, сол уақыттарда біреуге айтқан сөзіңнің рас екенін дәлелдеу үшін «Ленинский, Сталинский» немесе «Өтірік айтсам аспаннан қыдыш түсіп басымды кесіп кетсін» деген сияқты сөздерді қолданушы едік қой. Ал біз өз отбасымызда сондай кезде «Өтірік айтсам әжемді жек көретін болайын» деп сөз беретін едік. Осының өзінен әжемізді қалай жақсы көретінімізді, құрметтейтінімізді аңғаруға болатын сияқты. Ол кісілердің аулада өсірген бақшасы үнемі жайқалып тұратын. Шие, алма, алмұрттар самсап өсіп тұратын еді. Соның бәрі әлі күнге көз алдымда.

Кішкентайымнан белсенді болдым

33310

Сәби болғым келеді

Мен оқушы кезімнен бастап-ақ өнерге жақын болдым. Мектепте түрлі қоғамдық жұмыстарға қатысып, іс-шаралардан қалған емеспін. Сондай-ақ ауыл ішіндегі немесе көрші ауылдардағы тойларға барып ән салып, өнер көрсететінмін. Сол кезде менің ай сайын табатын 150 сомым анамның жалақысынан да көп болатын. Әке-шешем үнемі қолдап, бетімнен қақпай өсірді. Бастысы, олар маған қатты сенетін. Сондықтан да мен барынша олардың үміттерін ақтауға тырыстым.

Жаман әдеттен аулақ өстім

Кішкентай кезімізде барлығымыз үлкендерге еліктеуші едік қой. Тезірек ер жетіп, жігіт атансам деп армандайтынбыз. Қаладан оқудан келген ағаларымыздың киімдерін мектепке киіп барып, ол, тіпті, үлкен болып тұрса да, жан-жағымызға мақтана қарап, масаттанып жүретінбіз. Алайда, қанша жігіт болуға асықсам да, көшедегі кей «серілерге» қосылып көрмеппін. Темекі, арақ дегеннен аулақ өстім. Әлі күнге дейін оларды ауызыма алып көрген емеспін. Және қазіргі ұрпаққа да берер кеңесім, сол бәлелерден аулақ жүрсін.

Қыздар үшін төбелесетінмін

Жас шағымда қатты қызба болдым. Төбелеске жиі араластынмын. Бірақ бүгінгі таңда сол кикілжіңдерді неден туындады деп саралап қарап отырсам, көбі намыстан, қазақ қыздарын қорғау үшін болған төбелестер екен. Мысалы, дәмханаларда біреулер даяшы болып жүрген қазақ қызына жаман сөз айтып қалады немесе жалпы ұлт намысына тиетін сөздер айтады. Сондайда бірден қызуқанданып, білек сыбана кірісіп кететін едім. Жалпы, басымнан сөз асырмайтынмын. Мүмкін, сондай бірбеткей, турашыл болғанымнан болар, өзімнен 5-6 жас үлкен жігіттердің өзі құрметтеп, түрлі отырыстарына шақырып, қастарына ертіп жүретін еді.11113

Есте қалған қызық сәттер

Кішкентай кезімізде қызыл құмырсқаларды ұстап алып, немістер мен советтер деп екіге бөліп төбелестіріп ойнайтын едік. Бір күні күн ұзаққа солардың төбелесін қызықтаймын деп илеудің қасына отырып қалыппын да, үсті-басымды құмырса талап тастапты. Кешкісін қатты ауырып, шошынып шыққаным бар еді.

Мен мектепте барабан ойнадым. Бір күні бір мерекелік кеште барабанымды ұстап сахнаға шыққаным сол еді, ол қолымнан түсіп кетті де, шашылып қалды. Отырғандар ду күлді. Сонда намыстанғаным сондай, 2-3 күн сабаққа бармай қойған болатынмын.

Оставить комментарий