Баланы түбекке отырғызу керек пе, әлде қажет емес пе? Сынамадан өтіңіз! Балаңыз 1,5 жасқа толғанда мына сұрақтарға жауап беріңіз!
Сонымен, сіздің балаңыз…
- Күндізгі уақытта 2 сағаттан астам құрғақ болып қала береді;
- Ішін үнемі бір уақытта босатады;
- Өздігінен жүре алады;
- Ересектердің көмегінсіз түбекке отырып-тұруға шамасы келеді;
- Түбек пен унитаздың не үшін керектігін біледі;
- Кем дегенде екі сөзден ең қарапайым сөйлемдерді құрастырады;
- «Жоқ» деген сөзді жиі қолдану арқылы айналасындағыларға өзінің ешкімге тәуелді емес екендігін көрсетуге тырысады;
- Әкесі мен анасының, ата-әжесінің өзінен не істеуін сұрап тұрғанын түсініп, олардың айтқандарын орындауға тырысады;
- Сөзбен немесе ыммен өзінің түбекке отырғысы келетінін жеткізе алады;
- Түбекке отырар кезде сіздің көмегіңізсіз іш киімі мен шалбарын шеше алады;
- Өзінің әрекеттері арқылы кір жөргек пен ылғалды ішкиім киіп жүрген өзіне ұнамайтынын білдіреді;
- Өзінен үлкен балаларға және ересектерге еліктеуге тырысады (әжетхана немесе түбекті пайдалану барысында).
Кішкентайыңыз шынымен де осының бәрін өзі істей ме? Онда ешбір күмән жоқ – оны түбекке үйретуге болады. Ал егер қандай да бір істерге икемі келмей жатса, тағы бір ай күте тұрыңыз да, біз ұсынып отырған сынаманы тағы да бір қайталап көріңіз.