Главная » Новости » Бәрі де балалар үшін

Бәрі де балалар үшін

045_0615

Сүйкімді балақайлар, ұлдар мен қыздар және ата-аналар, сіздерді «Мой ребенок» журналы Алматы қаласындағы Орталық демалыс саябағында сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін жалғасатын Балалар Мерекесіне шақырады.

Аталмыш іс-шараға «Бөпем» журналы да атсалыспақ. Мерекелік сауығымыздың керемет әзілдері мен сиқырлары, әндері мен билері келген қонақтарымыздың көңілін бір сергітіп тастамақ.

Ойындар, байқаулар мен көңілді сайыстар сыйлықтармен жалғасса, көңілді паровоз балақайларды ғажайып әлемге еліктіріп әкетпек.

Әрі әрбір қатысушыны сыйлықтар, керемет көңіл-күй мен естеліктер күтіп тұр.

Оставить комментарий