Главная » Главная » Ағасы мен інісі

Ағасы мен інісі

брат

Ағасы мен інісі

Екінші бала өмірге келді.  Бұл ата-ана үшін бала бағудың қызығы мен қиындығын қайтадан еске түсіретін кезең. Сонымен бірге олар әр баланың қалауын орындауға тырысады.

Ата-анамның отбасылық мұрағатында менің бала кезімде жазған: «Қарындасымды ренжітпеймін, керісінше, қорғауға уәде беремін», – деген қағаз сақтаулы.  Сол  уақытта  менің  жасым сегізде, ал қарындасым бес жаста еді. Сондағы  «Сен үлкенсің, демек,  бәріне сен жауап бересің», – деген ата-анамның  қағидасы маған ұнамайтын. Ал қарындасыммен қарым-қатынасымның қандай болғанын  осы  жазбадан-ақ  білуге болады.  Бұл менің аға мәртебесімен келісіп, енді өзімді салмақты ұстауға уәде беруімнің белгісі еді. Қазір мен де үлкен ұлыма: «Сен үлкенсің, демек, үйдегі  жағдайға сен де жауап бересің», – деп ақыл айтатын болдым.

Үйде кім қожайын?

Отбасында екінші сәби пайда болғанда тұңғыш балаға ең бірінші жетіспейтіні – әрине, көңіл. Кеше ғана ата-анасының бар назары тұңғышында еді, енді міне, бүгін олардың көңілі тек кішісінде ғана. Осыдан тұңғыш бала ата-анасына ренжіп, кішісінен қызғанады. Баланың жасы мен жынысына қарай қызғаныш әрқалай білінеді: қыздар көбінесе мұны жасырмайды, ал ұлдар, керісінше, ішінде бүгеді. Баланың жасы үлкейген сайын отбасылық өмірдегі өзгеріс оған деген ата-анасының махаббатын өзгертпейтінін түсіндіру әлдеқайда жеңіл. Дегенмен, мұны тек сөзбен айту жеткіліксіз: тұңғышыңыз неғұрлым кіші болса, оған айтқан сөзіңізді  соғұрлым іспен дәлелдеуіңіз қажет.

Жекеменшік  аймақ

Ата-ана кенжесінің  көңілін табу үшін тұңғышының қалауын шектейтіні рас: теледидардан қандай мультфильм тамашалау қажет, демалыс уақытын қалай өткізген жөн – осындай түрлі сауалда кіші баланың қалауы бірінші орынға шығады. Жақында біз әйелім екеуіміз он жастағы үлкен ұлымыздың бір күнгі уақыт кестесін қарастырып көрдік. Ол мектептен келе сала үй жұмысын орындауға отырады екен. Кешке сүйікті ойынын ойнауға біздің үш жастағы еркеміз мүмкіндік бермейді екен. Сонымен, сабақ оқу мен ойнаудың уақытын өзгерту қажет деп шештік. Енді тұңғышымыз кіші баламыз балабақшада болған кезде ойыншық солдаттармен еркін ойнайды. Бірақ, кейде ұлымның сабақ оқуға уақыты жетпей қалады. Бұл  баламыздың баяу қимылдауынан. Сондықтан ұлыма ойынға кіріспес бұрын үй жұмысын орындауға қанша уақыт қажет екендігін анықтап алуына кеңес  бердім.

Тек үлкен баламен киноға бару, тек оған ғана ойыншық алу немесе  үстел ойынын тек онымен ғана ойнау – сирек кездесетін, алайда өте маңызды, көңіл бөлетін шаралар.

«Ақылды бол»

Көбінесе ата-ана әр баланың қалауын табуға тырысады. Дау мен ұрыс үшін жауапкершілікті үлкен балаға аудара салу – шектен шығу деп есептеймін. Мен мұны үлкен аға ретінде ғана емес, күнде төреші болатын әке ретінде де айтып отырмын. Маған тәрбиелеудің басқа жүйесі ұнады: балаға алдымен өзін қалай ұстау керектігін үйрету, кейін тәртібін бақылау және «тәртіпті» бұзғаны үшін жазалау. Бірақ іс жүзінде мынандай: жазалау, кейін бұдан қандай қорытынды шығаруға болатындығын оған айту. Бұл тәсіл баланың жанына батса да, нәтижелі екені рас. Ал үш жастағы бала сіздің айтқан сөздеріңізден ой түйетіндігіне сену мүмкін емес. Сондықтан, бар соққыны өзіне тұңғышыңыз қабылдайды: «Тағы екі жыл  ойыншық солдаттар мен «Легоны» інің  сенің  ережең бойынша ойнамайды. Ойнаған кезде оның ойыншықты сындырып тастауына, қажетті бөлшектерін сенен тартып алуына дайын бол.  Өзіңе тұрғыздың ба – оған да құрап бер.  Ол сенің қай ойыншықтарыңа зиян тигізуі мүмкін, ал қайсымен бөлісе аласың – осыны ертерек ойластыр.  Егер  інің  сынғыш әрі бағалы ойыншықты талап етсе, онда сынбайтынын бере сал. Тіптен болмаса, сынғышын да бере сал, қарсыласпа, себебі таласқан кезде ойыншықты немесе құрастырғыш «Легоны» сындырып аласың. Есесіне, інің қалауын алған соң тынышталып, 10-15 минуттан соң ойыншықты жайына қалдырады», – деген ақылды  балам  інісімен ойыншығын бөлісе алмай дауласып  қалғанда менен жиі естиді. Кішісіне оңай – көтенінен ұрып жазалайсың, жылайды, сәлден соң өзі жұбанады.

«Берік достық…»

Үлкенге жауапкершілік артқан кезде ата-ана оған тәртіп орнатуға көбірек мүмкіншілік берулері тиіс. Кіші баламның өзіне берілген еркіндікті сезініп, шектен шыққан кездері болған. Ал үлкенім бұған амалсыз көнетін. «Бұлай болмайды», – деп шештік. Сонымен, үлкенімізге ережені өзі орнатып әрі мұны  қадағалауына мүмкіндік бердік. Әрине, енді ұлым тәртіп бұзушы еркемізді  ережеге сай өзі жазалайды. Енді  бала бөлмесінен айқай мен жылау естіген кезде әйелім екеуіміз жанұшыра жүгіріп бармаймыз – қазір даудың бәрін өздері шешеді  ( Мұндай кезде үйде туыстар немесе қонақтар болса, біздің үндемей отыра беруіміз  оларды таң қалдыратыны рас). Кейде бәрібір дауға араласуға тура келеді, бірақ өзара келіспеушілік  біздің қатысуымызсыз-ақ шешіледі. Әдетінше  дауласып, өзара бәрін шешіп болған соң тек үлкен ұлыма жекісем, кіші балам: «Әке, Арманға ұрыспа – ол менің досым» – деп оны қорғай жөнеледі.

На плашке: Тек үлкен баламен киноға бару, тек оған ғана ойыншық алу немесе  үстел ойынын тек онымен ғана ойнау – сирек кездесетін, алайда өте маңызды, көңіл бөлетін шаралар.

Total Views: 146 ,

Оставить комментарий