Тілашар

Forma01
Бір кездері «тілашар» тойын балақай енді-енді сөйлей бастаған уақытта оның ата-анасы «баламыз жылдам сөйлеп кетсін, шешен болсын» жеген ырыммен жасаған екен. Бұл жайлы қазақ салт-дәстүрлері және оның негіздері жазылған «Ағаш бесіктен тал бесікке дейін» кітабында: «Дастархан жайылып, ас келгенде қариялардың бірі қойдың піскен ішегін немесе ақ орамалды баланың мойнына орап тұрып: «Сөйлейсің бе?» деп үш рет сұрайда екен. Оған жауап ретінде баланың ата-анасы немесе туыстарының бірі: «Сөйлеймін!» деп үш рет жауап береді. Одан соң қария сәбиге: «тілің тез шықсын» деп қойдың піскен тілін, «шешен бол» деп таңдайын, «көреген бол» деп көзін жегізеді. «Сөз тыңда, айтқанды құлағыңа құйып алатын құйма құлақ бол» деп құлақтан дәм татқызады» деп жазылған.
Осыдан кейін ата-анасы баламен сөйлесіп, алдымен оған түрлі сөздерді, дыбыстарды қайталатып, кейін сөз тіркестері мен сөйлемдерге көшетін болған.
Бүгінде бұл рәсімнің мағынасы сәл өзгерген. Нақтырақ айтқанда, заманауи ата-аналар «Тілашар» тойын баласы мектепке барар кезде жасайды. Яғни, баламыз мектеп табалдырығынан аттағалы отыр, сабағы жақсы болсын, зейінді болсын деп, осы қадамы сәтті болсын деп, үлкендердің батасын алу үшін бастарын қосады.

Оставить комментарий