Сүндет той

сундет
Баласын сүндетке отырғызу – қазақ отбасындағы әр ата-ананың парызы. Әдетте, ер баланы 5-7 жасында сүндетке тырғызады. Сүндеттелген бала жігіт болды, мұсылмандық парызын өтеді деп саналады. Бұрынғы уақытта сүндет тойға тек ер адамдар жиналған екен. Қазір баланың барлық туған-туысы, көрші-қолаң жиналып сүндет тойын жасайды. Мұндайда келген қонақтар сүндеттелген балаға сый-сияпаттарын беріп, ақ тілектерін айтады, қарттар бата береді.
Сүндеттеу – ұл баланың жыныс мүшесінің басқы бөлігіндегі артық теріні алып тастау. Бұрындары баланы молдалар сүндеттеген екен, ал бүгін хирург дәрігерлер немесе қолы жеңіл, жөн-жоралғының жөнін білетін адамдар жүзеге асырады. Ер балаларды сүндеттеуді медицинаның өзі құп көреді. Себебі, сүндеттелген бала түрлі жыныстық аурулардан аулақ болып, үнемі тазалықта жүреді. Сондықтан, ұл баласы бар ата-аналар оның жасы асып кетпей тұрып, уақытылы сүндетке отырғызудың қамын ойлаулары керек.

Оставить комментарий