Главная » Национальные традиции » 40 күн » Қырқынан шығару

Қырқынан шығару

42c4c4

Сәбидің өмірге келгеніне 40 күн толғаннан кейін тағы бір салтанатты рәсім орындалады. Оны қырқынан шығару деп атайды. Әдетте, ер баланы ерте жетіледі, жылдам өседі деген түсінікпен 40 күн толмай жатып қырқынан шығарған. Ал қыз бала, керісінше, жеңілтек болып кетпесін, байсалды, орнықты болсын деп анық қырық күн толғаннан кейін қырқынан шығару рәсімін орындаған. Бұл күні жиналған әйелдер баланың шашын, тырнағын алып, жақсылап тұрып шомылдырған. Мұндайда әдеттегідей қарапайым су емес, ішіне күміс немесе 40 құмалақ салынған (бүгінгі күні оның орнына бадана қолданып жүрген көрінеді), қырық қасық тап-таза су құйылған суға шомылдырады. Тіпті, баланы шомылдыру дәрежесі кез келген әйелге емес, ел арасында сыйлы, көп балалы ана атанған, үлгі боларлықтай адамға бұйырған. Баланың басына қасықтап су құйған сайын жиналғандардың әрқайсысы өз тарапынан тілектерін білдірген. Соңынан барлық әйел су түбіндегі күміс тиындар мен әшекейлерді өзара бөлісіп алысқан. Негізі, суға салынған әр заттың мағынасы бар. Бұл жайлы «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін» кітабында «Баланы шомылдыратын суға күмісті ол адал, ақ, пәк болсын деп салады. 40қасық суды ырыздығы мол болсын деп құяды» делінген. Қырқынан шыққан бала адам қатарына қосылды, қауіпті кезеңнен өтті деп саналып, ел ішіне шыға бастаған.

Оставить комментарий