Главная » Календарь развития » Приучаем к горшку » Баланы түбекке (горшокқа) отырғызамыз!

Баланы түбекке (горшокқа) отырғызамыз!

52e11cd629e21_52e11cd629e5c

Баланы түбекке отырғызу керек пе, әлде қажет емес пе? Сынамадан өтіңіз! Балаңыз 1,5 жасқа толғанда мына сұрақтарға жауап беріңіз!

Сонымен, сіздің балаңыз…

  • Күндізгі уақытта 2 сағаттан астам құрғақ болып қала береді;
  • Ішін үнемі бір уақытта босатады;
  • Өздігінен жүре алады;
  • Ересектердің көмегінсіз түбекке отырып-тұруға шамасы келеді;
  • Түбек пен унитаздың не үшін керектігін біледі;
  • Кем дегенде екі сөзден ең қарапайым сөйлемдерді құрастырады;
  • «Жоқ» деген сөзді жиі қолдану арқылы айналасындағыларға өзінің ешкімге тәуелді емес екендігін көрсетуге тырысады;
  • Әкесі мен анасының, ата-әжесінің өзінен не істеуін сұрап тұрғанын түсініп, олардың айтқандарын орындауға тырысады;
  • Сөзбен немесе ыммен өзінің түбекке отырғысы келетінін жеткізе алады;
  • Түбекке отырар кезде сіздің көмегіңізсіз іш киімі мен шалбарын шеше алады;
  • Өзінің әрекеттері арқылы кір жөргек пен ылғалды ішкиім киіп жүрген өзіне ұнамайтынын білдіреді;
  • Өзінен үлкен балаларға және ересектерге еліктеуге тырысады (әжетхана немесе түбекті пайдалану барысында).

Кішкентайыңыз шынымен де осының бәрін өзі істей ме? Онда ешбір күмән жоқ – оны түбекке үйретуге болады. Ал егер қандай да бір істерге икемі келмей жатса, тағы бір ай күте тұрыңыз да, біз ұсынып отырған сынаманы тағы да бір қайталап көріңіз.

Оставить комментарий