Главная » Календарь развития » Опасно! » Бізді қоршаған қауіп

Бізді қоршаған қауіп

игры1

Төменде назарларыңызға әрбір үйде кездесетін, оған қоса, балаңызға тигізер қаупі де аз емес заттардың тізімін ұсынамыз. Кейде олардың салдарынан балаларымыз ауруханаға да түсіп қалып жатады.

Тұрмыстық химия
Егер сіз жууға арналған құралды шкафтың ең жоғарғы сөресіне салып қойсаңыз, бұл балаңыз оны іздеп-таппайды немесе оны үстіне төгіп алмайды деген сөз емес. Керісінше, ол баланың үстіне құлап кетсе, оның нәзік терісіне, көзіне немесе аузына төгілуі мүмкін. Сондықтан мұндай заттарды мүлдем кілтпен бекітіп тастаған дұрыс.

Бала жасына сай емес ойыншықтар мен спорттық құралдар
Үйде кішкентай сәбиіңізден бөлек одан ересектеу бала болса, қауіп одан сайын артады. Оның пазлдары, конструкторлары мен өзге де ұсақ бөлшектері бар ойыншықтары сәбиіңізге қауіп төндірмек. Мұндайда кіші балаңызды зиянды заттардан алшақтату мүлдем қиындап кетеді. Дәл осылай велосипед, секіргіш, гантель сияқты өзге де спорттық құрылғылар жайлы айтуға болады.

Әйел сөмкелері
Сіз жұмыстан шаршап келген соң сөмкеңізді орындыққа немесе еденге лақтыра салатын шығарсыз. Ал ол сөмкенің ішінде сәбиіңіз үшін қауіп туғызатын заттар қаншама? Қолға арналған дезинфектор-спрей, маникюр қайшысы мен тырнақ егеуіш, далап сияқты өзге де ұсақ-түйек заттар баланың қолына тисе, оның салдары жағымсыз болуы ғажап емес.

Үй өсімдіктері
Кішкентайыңыз гүлдердің топырағын үйдің ішінде шашып қана қоймай, өсімдіктердің жапырағын тістеп көруі де мүмкін. Ал олардың кейбірі улы болатынын ескеру керек.

Үй жануарларына арналған азықтар
Иттерге арналған тағамы бар пакеттер мен үй жануарларының табақтары, әдетте, еденде тұрады. Ендеше оларға жануарлар ғана емес, балаңызда оп-оңай қол жеткізеді деген сөз. Ал ол өз кезегінде бұл азықтың дәмін көруден бас тартпас.
Жыл сайын мыңдаған балалар ауруханаға үй жағдайында алған жарақаттармен, уланумен түсіп жатады. Мұндайды болдырмау үшін кішкентайыңызды бөлмеде 1 минутқа да жалғыз қалдырмаңыз. Одан да, пәтеріңізге сәбиіңіздің көзімен қарап көріңіз. Сізді алдымен не қызықтырар еді? Таптыңыз ба? Демек сол затты дереу көрінбейтін жаққа апарып қойыңыз.

1 комментарий

  1. Шынымен, бірде қызым сөмкемнен ерін далабын алып ернін бояп, қалғанын жалап жеп жүр. Қатты қорықтым, абырой болғанда қауіпті ештеме болмады

Оставить комментарий