Бөбекке не қажет?

7ac7b5dc93fc206ef7c81eb5f8791f4b

Әрбір болашақ ана балалар дүкеніндегі шілтерлі сәби жейдесіне елжірей қарайды. Балалар заттарын өндірушілер «Дәл осы тауар сіздің бөбегіңізге ауадай қажет» деп өзеурейді. Ал оларды сатып алудың қажеті бар ма?

Ата-аналар да сәбиі үшін аянып қалмауға тырысады. Бірақ қомақты қаржы жұмсап, сатып алған заттардың көбі кейін кәдеге аспай қалады. Тәжірибелі аналар мен мамандар жас анаға кеңес береді. Тапшылық кезеңі өтті, қазір дүкен сөрелері түрлі-түсті сәбилер киімі мен шөлмектерге, сылдырмақ ойыншықтарға толып тұр. Бастапқыда солардың қайсысын сатып алған дұрыс, қандай затты кейінге қалдырып, үнем жасауға болады?

Маңызды тізім

Егер сіз ырымшыл адам болсаңыз, балаға қажетті заттарды алдын ала сатып алуға жүрексінсеңіз, міндетті түрде қажетті тауарлардың тізімін жасап алыңыз. Дүкен сөрелерін талай рет сүзіп шыққан шығарсыз, сондықтан сәби өмірге келген бетте қажет болады деген дүниелерді егжей-тегжейлі жазып шығыңыз. Олардың мөлшерін көрсетуді де ұмытпаңыз. Жоспар жасаған кезде аға буынның кеңесін жетекшілікке алмаған жөн. Олар перзентханадан шығатын кезде қазіргі заманның жетістіктері (бір рет қолданылатын жөргектер, автоматты кір жуғыш машина мен радио бала бағушы, т.б.) жоқ болатын, сондықтан олардың тәжірибесі бізге лайық емес. Ал бақыттан басы айналған жұбайыңыз көз тұнатын балалар тауарын көрген кезде қолда бар ақшасын қажетсіз дүниеге жұмсап жіберуі де мүмкін. Сонымен, бірінші кезекте қандай дүниелер қажет?

— Автоматты кір жуғыш машина. Ол расымен де өміріңізді жеңілдетеді. Бірақ арзан тұрмайды. Сондықтан, оны алуға ақшаңыз жетпей жатса, ал несиеге рәсімдеуге шамаңыз келмесе, достарыңызбен және туыстарыңызбен сөйлесіп көріңіз. Олар бірігіп, пайдалы сыйлық жасасын. Бір қорап жөргек пен ондаған сылдырмақ және шаң жинап жататын жұмсақ ойыншықтықтарға қарағанда, кір жуғыш машина әлдеқайда ұтымды сыйлық екені анық.

Жөргектер

Егер бір реттік жөргек сатып алу мүмкіндігі болса, онда матадан тігілген жөргектерді көп алудың қажеті жоқ. Шамамен, 10 данасы жетіп қалады. Балаға бірден комбинезон мен ползунок кигізіп, ыстық күндері бір қабат жейдемен жатқызған дұрыс.

Киімі

Киімді бірден көптеп сатып алмаңыз, біраз уақыт өткен соң керек затты бағдарлап аласыз. Өлшеміне күмәнданасыз ба? Олай болса үлкендеу киімді ала беріңіз, сәби тез өседі!
— Классикалық жейделер айтарлықтай қолайлы емес, қатпарланып, баланың денесіне жиналып қалады. Аяқтарының арасы мен иығынан түймелеп қоятын бодилер тиімді.
— Бас киімдерді бөлме температурасы қалыпты жағдайда кигізбеңіз, тек шомылдырған соң бір сағаттай кисе жетеді. Сәбиді орап-қымтап өсіруге болмайды. Сондықтан 1-2 бас киім жетеді.
— Комбинезондар — басынан аяғына дейін тұтас денесін қамтитын, түймелі киім. Оңай киіледі, түймелерін қажет жерінен ағытып, жөргегін де ауыстыра аласыз. Арқасы жабық тұрады, жиырылып, терісін зақымдамайды.
— Футболкаларды бір-екі өлшем үлкендеу етіп алған жөн, бастапқыда олар ұзын жейденің қызметіп атқарып, санына дейін денесін жауып тұрады, кейін өзіне лайық қызметін атқарады.
Сәнді болғанына қарамастан бөбектің киімінде шілтерлер мен кестелер, әшекейлер аз болуға тиіс. Оның тиімсіз екеніне өз көзіңіз де жетеді – олар баланың терісіне батады, нашар жуылады.
— Күзде және көктемде туған сәбилер үшін қазір тамаша конверт-комбинезондар сатып алуға болады. Олардың аяқтарының арасында сыдырма ілгегі бар, оны ашып-жабуға болады. Сонда сәбиді тұтастай орап, конверт жасасаңыз да немесе бұтына шалбар, үстіне комбинезон етіп кигізсеңіз де құба-құп. Жаңа туған бөбек сол конвертте жатып, арбасында ұйықтай береді, ал бір жастағы сәби сол киіммен тәй-тәй басуды үйренеді. Үнем деп осыны айт!

Шөлмектер

Егер сәби ана сүтімен қоректенсе, шөлмек сатып алудың қажеті жоқ, бала дәрігерлері бір жарым жасқа толғанша бөбекке су бермеу керектігін айтады. Ал қосымша тамаққа үйреткенде, қасықтап берген жөн.
— Егер үйден жиі шығу керек болса, сәбиге сүт сауып қалдыру қажет деп санасаңыз сүт сорғы сатып алғаныңыз дұрыс (студент аналарға оның қажет екені анық). Сүтті қолмен сауғаннан көрі сүт сорғыны қолданған әлдеқайда тиімді.
— Балалар ыдысына арналған стерилизаторлар. Бұндай заттың қызметін кәдімгі буға пісіру ыдысы (пароварка) да атқара алады. Кейін онымен сәбиге ас дайындай аласыз.

Радио бала бағушы — көп қабатты зәулім үйлерде, көп пәтерлі үйде тұратын адамдарға қажет аспап.

Балалар косметикасы

Әдетте, аналар оны көптеп сатып алады да, жарамдылық мерзімі өткен соң лақтырып тастайды. Баланың терісіне химиялық заттарды көп жақпаңыз! Егер баздану, басқа да түйткілдер болмаса, қарапайым балалар сабыны мен жақпа майы жетеді. Сәби жөргегін ауыстырған кезде ылғалды сүлгілер де қажет болады.

Ең қажетті заттардың шағын тізімі

— матрасы бар төсек
— ползуноктар — 3-5 дана (міндетті түрде жаңа болуға тиіс!)
— жұқа шұлықтар — 2-3 жұп, жылысы – 1 жұп,
— төсекке ілетін музыкалық ойыншық,
— шөлмекке арналған стерилизатор,
— арба,
— жылы жейде/свитер,
— жөргектеу үстелі немесе арнайы тақта,
— шөлмекке арналған термос-сөмке,
— көрпе (жылы және мақтадан тігілген),
— бас киім — 1-2 дана.,
— жаялықтар (мақтадан және бәйкеден тігілген)
— көшеге киетін бас киім,
— таразы,
— көкірекке арналған силикон төсемдер,
— көшеге киетін комбинезон.
— бала арбасына кигізетін жауын өткізбейтін шекпен,
— жөргектер (бір реттік және дәкеден тігілген),

Косметика

— балалар кір жуғыш ұнтағы (балалар сабынын үккіштен өткізуге болады),
— сабын,
— радио бала бағушы,
— медициналық клеенка,
— балалар кремі/майы,
— автоорыншақ,
— бөлмедегі/ жуыну бөлмесіндегі ауа температурасын өлшейтін термометр
— ылғалды сүлгілер,
— емізік пен оған арналған қысқыш, қорап.
— мақта/мата тампондар мен таяқшалар.
— бір реттік жөргектерге арналған қақпағы бар шелек,

Киімдер

— балалар лосьоны мен
— жұқа комбинезондар – 2 дана

Тағы басқалар

— бальзам,
— конверт немесе арбаға төсейтін көрпе,
— шөлмектер, емізіктер, сүт қоспасы.
— түнгі шамшырақ,
— қалың комбинезондар – 2 дана
— сәбилерге арналған музыкасы бар немесе классикалық музыка жазылған кассеталар.
— көкірекше,
— бала тамағын жылытқыш,
— боди — 2-3 дана.,
— балалар тарағы немесе арнайы қылшақ.
— жейделер — 2 дана.

Total Views: 884 ,

Оставить комментарий