Главная » Новости » Mamaclub.kz сайты жұмысын бастады

Mamaclub.kz сайты жұмысын бастады

Mamaclub.kz сайты «Лиза. Мой ребенок» және жас аналар мен әкелерге арналған алғашқы қазақ тіліндегі «Бөпем» журналдарының атсалысуымен ашылып отыр. Бұл интернет-ресурс болашақ және қазіргі аналарға өмірлерінің мәні мен сәні болған балалары туралы ой бөлісуге, ақпарат және пайдалы кеңестерімен алмасуға көмектеседі.

«Бөпем» журналы әр ай сайын журнал түрінде (қағаз бетінде) және аптасына бір рет онлайн-режимде жас ата-аналарға қызықты ақпараттарды, жиі туындайтын сұрақтардың жауабын жариялап отырады. Тәрбие, бала психологиясы, дәмді ас мәзірі, сән әлемінің жаңалықтары, денсаулық, осы және өзге де қызықтар енді mamaclub.kz. сайтында.

«Бөпем» журналы сондай-ақ назарларыңызға халықтық педагогика, ұлттық салт-дәстүр, бөбекті дұрыс тамақтандыру туралы мәліметтерін ана тілімізде жолдайтын болады.

Сайт тіркеуінен өткен пайдаланушы өз пікірін қалдырып, мамандарға сұрақтарын қоя алады.

Сонымен қатар сайт жаңалықтарына тіркеліп, өз поштаңызға хабарландырулар алуға мүмкіндік бар.

Оставить комментарий