Главная » Главная » Шілдехана

Шілдехана

56c69e

Жас босанған әйел перзентханадан оралғаннан кейін екі-үш әйел жиналып, оған қолғабыс етеді. Үшінші күн дегенде ауыл әйелдері бас қосып шілдехана ұйымдастырады. Жас ананы ортаға алып, бөбекке ақ тілектерін білдіретін әйелдер қауымы ән айтып, домбыра шертіп, қызықты да ғибратты әңгімелерімен бөлісіп, бір жасап қалады. Сондай-ақ олар жас нәрестеге өз сыйлықтарын ала келуді де ұмытпайды. Әрине, ең бірінші сыйлық баланы көрген кезде беретін – көрімдік. Бұрындары ата-балаларымыз көрімдікті ірі мал түрінде атап берген. Ал қазіргі кезде ақша ұсыну әдетке айналды.

Оставить комментарий