Тұсау кесу

0b5a4ded75785c3c4796f0aed0339244

Бөбектің алғаш қаз-қаз басып жүрген уақыты – оның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Кішкентайының жүруге ниет білдіріп, қалтаң-құлтаң етіп жүргенін аңғарған ата-анасы «Тұсау кесу» рәсімін жасайды. Мұндай мерекеге үлкендер ғана емес, сонымен қатар үйдегі кішкентай балақайлар да қуанып қалады. Себебі, олар тұсау кесудің себебінен шашылған шашудың тәттісін жеп, өздері де бір ойнап қуанысып қалады.
Әдетте, баланың тұсауын ала жіп, майлы ішек немесе жасыл шөппен кеседі. Ала жіп – баламыз ешкімнің «ала жібін аттамасын», адал болсын дегенді білдірсе, майлы ішек – бай болсын, несібелі болсын дегенді білдіреді. Ал жасыл шөп – шөптей көгерсін, ұрпақты болсын, өсіп-өнсін дегенді білдіреді. Сонымен қатар баланың тұсауын кез келген адам емес, өзі пысық, жылдам жүретін, өнегелі, білімді адам кескен. Тұсауы кесіліп жатқан баланы ата-анасы немесе туысқандары қолынан жетелеп:
«Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам»,-деп алға қарай жетелеген.

Оставить комментарий