Главная » Главная » Алуан түрлі аналар

Алуан түрлі аналар

художник

Әр ана отбасының қамқоршысы ғана емес, сонымен бірге белгілі бір мамандық иесі. Сондықтан, ол отбасыда да жұмыстағы әдеттерін, сөйлеу мәнерін ұмытпайды. Бұл сәбиге де әсер етпей қоймайды.

Кейбір мамандықтар (мысалы, дәрігер, психолог, ұстаз) әйелге өз баласын тәрбиелеуге көмегін тигізетін сияқты. Алайда, қызметте қалыптасқан мінездің  кемшілік тұстары да бар екен, ал әйелдің мұндай қасиеттері бала тәрбиесіне кедергі жасайды. Кейде дәрігер-ана сәбиіне емделуші ретінде қарайды. Ал кейбір отбасында баласына басқа дәрігерді шақыратын жағдайлар да кездеседі. Сонымен, мамандықтардың қайсысы ата-анаға ауыр және жеңіл тиетіндігін қарастырайық.

Ұстаз-аналар

Кемшілігі. Ұстаз-аналар дамытпалы сабақтармен шектен тыс әуестенеді.  Білім саласында қызмет істейтін ананың баласына: «Ойыншықтың тек  дамытпалы  түрін,  кітаптың ең жақсысын, ал мультфильмнің тек адамгершілікті насихаттайтын» түрлерін таңдайды. Нәтижесінде баланың қарапайым ойындар мен ерке болуға қолы жетпейді.

  • Мұғалімнің баласынан өзгелер тек жақсы мінез-құлық көргісі келеді, ал мұндай  көзқарас анасының баласына тым қазымыр және қатал болуына алып келеді.
  • Ұстаз-ана өзгелердің  мәдениетсіз қылығына бірден ашуланады. Баласымен ойын алаңқайына келген ана ескерту айтпай қоймайды. Ұстаз-ананың сөйлеу мәнері қатал болады және ол  өзгелердің  қаншалықты  білімді екенін  сұраудан қысылмайды.

Артықшылығы. Ұстаз-ана алаңқайда топтасқан ойынды тез ұйымдастырады (әрине, бұл пайдалы әрі баланың ой-өрісін дамытады).

  • Мұғалімдер білімді, бала психологиясын жақсы біледі.
  • Ұстаздар оқушыларының  ата-аналарымен  жақсы таныс, олардың таныстарының  көптігі  болғаны соншалық, министрдің өзі  қызығар еді! 

поварАқ  халатты  аналар

Кемшілігі. Медицина саласында жұмыс істейтін аналар білімді,  олардың ақпаратты көп білетіні соншалық, бәріне тым асыра диагноз қояды. Олар баласын мұқият тексереді және  жаялықтың  құрамын  зерттейді. Оларды  түрлі  медициналық зерттеулер мен сараптамалар қызықтырады.

  • Дәрігер-аналар баланың қалауымен санаспайды кейде оны саламатты өмір салтын ұстануға мәжбүрлейді.

Артықшылығы. Мұндай аналар әзілқой: қалжың жұмыстағы шиеленісті азайтады.

Медицинада қызмет ететін әйелдер төтенше жағдайлармен жиі кездеседі. Құлап қалған баланы аяудан бұрын олар оны тексеріп, жарасын дереу таңады.

  • Дәрігер-аналар ауру туралы бәрін біледі және баласына вирус пен инфекцияның жұғуына жол бермейді.
  • Олардың дәрігер таныстары көп, сондықтан баласына көмек әрдайым болады!

Бастық-ана

Кемшілігі. Бастық-аналар баласымен қарым-қатынаста өзін өктем ұстайды, олар үшін бұйрық беруден бас тарту өте қиын.

  • Кейде олар баламен сөйлесуі әскери тәртіпке ұқсайтындығын байқайды. Мұндай аналардың сөзінде  бұйрық  көп: «Тез шайна! Бар ойна! Қолыңды жу!» – және мынандай сөздерден тұратын: «Сен жабырқадың ба? Немен айналысқың келеді?» сияқты жылы сөздер аз.

Артықшылығы. Бізге қолымыздан келетін іспен айналысу ұнайтыны  рас. Ал бастық-ананың қолынан ұйымдастыру жақсы келеді, сондықтан ол баланың ойынына араласпай тұра алмайды.

  • Бастық-ана ойын басқаға  айтуға  үйренген. Ал өзгенің бала күтіміне қатысты  пікіріне  ол  мән  бермейді. Мұндай  аналар  балаға  қалай  күтім жасау керектігін жақсы біледі. 

Офицер-аналар

Кемшілігі. Құқық қорғаушы мен әскер ана үйде де өзіне бағынуды талап етеді. Олар үстемшілдікке көшіп, кез келген талабын: «Мен не айтсам сол болады!» деп түсіндірумен шектеледі.

  • Әскери аналар үшін бала тәрбиесінде қатал болу мен билікті қолдан жіберіп алмау маңызды.
  • Кейде олар күдікшіл: «Дәрігер қажетті барлық зерттеуді тағайындады ма?», «Мұғалім өз міндетін дұрыс орындай ма?».
  • Мұғалімнің, дәрігердің немесе басқа ата-ананың қателігін байқаса, заңгер-аналар бұдан арам пиғыл көреді.

Артықшылығы. Біреудің қателігін байқаған заңгер-аналар ақиқат үшін күресіп, әділдік орнатады.

  • Баласын қорғау үшін олар өзгеге мысықша атылады.
  • Олар барлық  заңды  жақсы  біледі, сондықтан оларды алдап-арбау мүмкін емес.

Есепшілер мен экономистер

Кемшілігі. Есепшілер,  экономистер,  бағдарламашылар белгілі  бір тапсырманы шешуге дағдыланған. Бірақ бала күтімі олардан жан-жақты болуды қажет етеді. Анасы жаялықты ойланып, толғанып ауыстырамын дегенше бала қайтадан кіші дәретін  жіберіп қойып,  құсып, шұлығын аяғынан шешіп аузына салып үлгереді…

  • Есепші-ана ереже мен тәртіпке тым үйір болуы мүмкін: баланы белгілі бір уақытта ғана тамақтандырады, егер  ол  белгілі  бір уақытта ұйықтамаса  қатты уайымдайды.  Есейіп келе жатқан баланың апыр-топыры ол үшін үлкен сынақ.
  • Экономистер де, бағдарламашы да нақты әрі бір мәндегі  бұйрыққа үйренген. Сондықтан,  бала күтіміне қатысты қарама-қайшы кеңестер олардың ашуын келтіреді.

Артықшылығы. Есепші-ана мен бағдарламашы-ананың тәртібі қызығуға лайық: олар баласымен бірге бірде-бір дәрігер тексеруін жібермейді, педиатрдың барлық тағайындауын орындайды.

  • Олар бірізді және баладан не қалайтынын жақсы біледі.
  • Олар білімді, олармен сөйлесу балаға да ұнайды.

ученый

Ғалым-аналар

Кемшілігі. Демалыс кезінде ғалым-аналар үнемі зерттеу жұмысын жазады. Тіпті, құмда баласымен ойнағанның өзінде  ойын тек  формула мен сызбалар мазалайды. Бала анасының ойы басқа жақта екендігін сезеді, оны жерге қайтару үшін бұзықтық жасайды.

  • Кейде ғалым-аналар бәрін қиындатып жібереді. Олар педиатр ұсынған тамақтандыру жүйесіне әрең көнеді. Тамақтандыруға байланысты барлық кітапты оқып шығады, оқығанынан ой түйіп өзінің тамақтандыру тәртібін жасайды.

Артықшылығы. Мұндай аналар өте жүйелі. Мысалы, кесте бойынша  белгіленген екпенің  барлығына  көне бермейді, алдымен екпенің артықшылығы мен кемшілігін зерттейді, кейін дұрысын таңдайды.

  • Егер де сәбиімен бірге ұйықтағысы келсе, олар тек түйсігіне ғана мән бермейді: алдымен бірге ұйықтаудың артықшылығы мен кемшілігін өлшеп алады және барлық мүмкін нұсқаларды қарастырады.

учитель

Өнерлі аналар

Кемшілігі. Өнер саласы адамға өзгеше болу мен болған оқиғаға басқа көзбен  қарауды  үйретеді.  Ерекше  болуға  құмар  дизайнер-аналар, әртістер, стилистер кейде асыра сілтеп жібереді: баланы түсініксіз киіндіреді, оны етсіз және шикі аспен тамақтандырып тәжірибе жасайды.

  • Мамандығы оны көпшілікке танымал  ететіндіктен, олар өз келбетіне аса мән береді. Босанған соң олар дереу фитнеспен айналысуға және арнайы емдәм ұстануға құмар.

Артықшылығы. Өнер сезімталдықты күшейтеді және көптеген жағдайда мұндай аналар  әсершіл  болады. Сондықтан , кейбір өнерлі аналарға жылаған баланың басын жуу қиынға соғады, ал сәбиін екпеге апару ол үшін қиын сынақ.  Бұл кезде оған баланың әкесі көмектесе алады.

  • Серуендеуге шыққан әртіс аналар боянуды да ұмытпайды және әрқашан әдемі көрінеді.
  • Өнерлі аналар рөлге тез кіреді және баланың көңілін  кез келген іспен аулай алады.

Бақытқа орай, бала күтіміне арналған демалыс кезі – жаңа мамандықты меңгеруге өте қолайлы уақыт.  Өйткені,  сіз күні бойы аспазға (түрлі тамақ жасап көру), мұғалімге (баламен бірге жануарлардың дауысын үйрену), тігіншіге  (шұлығын жамау), әртіске (ертегі оқу) және кез келген мамандық иесіне айнала аласыз. Бойыңыздан түрлі өнер тауып, мұнымен  балаңызды жалықтырмайсыз.

Оставить комментарий